Қарағанды облысында 1 мың шақырымнан астам жол жөнделді

АСТАНА. KAZINFORM — Негізгі жобалардың қатарында «Қарағанды — Балқаш» автожолын қайта жаңарту бар. Бүгінгі таңда асфальттың жоғарғы қабатын төсеу аяқталды. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз конференциясында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты. 

әкім
Фото: ortcom.kz

Әкімнің сөзіне сенсек, «Қарағанды-Қарқаралы» автожолының 115 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қалған 85 км келесі жылы аяқталады.

Келесі жылы «Қарағанды-Жезқазған» республикалық жолын қайта жаңарту жоспарланған. Жергілікті маңызы бар 570 км автожол жөнделді.

«Қарағанды әуежайын қуаты жылына 50 мың тонна жүк тасымалдайтын жүк терминалына айналдыра отырып, жаңғырту жоспарлары маңызды болып табылады. Келешекте Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша әуе кемелерінің техникалық қонуын арттыру жоспарланып отыр», — деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

 

Соңғы жаңалықтар