Қарағанды облысында 300-ден астам жолаушы жылыту бекеттеріне орналастырылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысында дауылды ескерту жалғасуда. Құтқарушылар жолдарда кептеліп қалған көліктердегі жолаушыларды жылыту пункттеріне жеткізіп, жүргізушілерге азық-түлік пен ауыз су жеткізді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Қарағанды облысының ТЖД
Фото: Қарағанды облысының ТЖД

– Облыстың басым бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. Таңға дейін 10 жылыту пунктінде 281 адам орналастырылды, оның ішінде 18 бала бар. Сонымен қатар 3 жол бойындағы кэмпингтерде 75 адам, оның ішінде 13 бала ауа-райының қолайсыздығын күтуде, - деп мәлемдеді Қарағанды облысының ТЖД баспасөз хатшысы. 

Қарағанды облысының ТЖД
Фото: Қарағанды облысының ТЖД
Қарағанды облысының ТЖД
Фото: Қарағанды облысының ТЖД

Бұдан бөлек ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен және Қызыл аймен бірлесіп, Қарағанды облысының 3 жабық учаскесінде жолдардың жабылуына байланысты бекеттерде тұрып қалған жолаушылардың тамақтануын ұйымдастырды.

– 50-ден астам автокөліктің жолаушылары мен жүргізушілеріне ТЖМ автокөлігімен ыстық тамақ пен ауыз су жеткізілді, - деп қосты ведомствода.

Қарағанды облысының ТЖД
Фото: Қарағанды облысының ТЖД
Қарағанды облысының ТЖД
Фото: Қарағанды облысының ТЖД

Қарағанды облысы ТЖД қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді:

– Дауылды ескерту жарияланған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шығудан және серуендеуден аулақ болыңыздар;

– Жол жабылған аймақтарда көліктердің кептелісін құрмаңыздар;

– Қолайсыз ауа-райының түзелуін жол бойындағы нысандарда күтіңіздер;

– Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшалары мен әлеуметтік желілердегі жолдардың жабылуы, көлік қозғалысының шектелуі немесе ашылуы туралы ақпаратты қадағалаңыздар.

Барлық оқиға мен төтенше жағдайлар бойынша 112 нөміріне хабарласу қажет.

Еске салсақ, Қарағанды облысындағы жолдардың бойында мыңнан астам көлік кептеліп қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар