Қарағанды облысында адасып кеткен әйел құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қарағандылық құтқарушылар адасып кеткен әйелді аман-есен тапты.

Құтқарылды
Фото: ТЖМ видеосынан алынған кадр

«Қарағанды облысында құтқарушылар әйелге көмекке келді. Ол Қарқаралы ауданындағы демалыс үйінің аумағынан орманға кетіп, бағдарын жоғалтып алған. 1957 жылы туған әйел осылайша адасып кеткен.

Әйел жолды өз бетімен табуға тырысып, содан кейін 112 нөміріне қоңырау шалуды шешті», — деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар жоғалған әйелді 3 шақырым қашықтықтан тапты.

ТЖМ 112 нөміріне уақтылы қоңырау шалу өмірді сақтап қалуы мүмкін екенін де ескертті.

Соңғы жаңалықтар