Қарағанды облысында автобус өртенді

АСТАНА. KAZINFORM - Қарағанды қаласының Ермеков көшесінде автопарк аумағында автобус өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Автобус сгорел в автопарке Караганды
Фото: видеодан алынған кадр

Төтеншежағдай туралы хабарды алысымен оқиға орнына жеткен құтқарушылар автобустың ашық жалынмен жанып тұрғанын анықтады. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндіріліп, жақын маңдағы автобусты өрттен қорғауға мүмкіндік туды. Зардап шеккендер жоқ.

Осыған дейін Павлодарда пәтер өртеніп, зейнеткер көз жұмғанын хабарладық. Белгілі болғанындай, көпқабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерде үй заттары, жиһаз бен ағаш еден өртенген. Өзге пәтерлердің тұрғындары далаға өз бетімен шыққан.