Қарағанды облысында екі балықшы құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Балқаш көлінің жағасынан 22 шақырым солтүстік-шығыс бағытта қайықтың ақаулығынан екі балықшы өз бетінше жағаға жете алмады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

мұз
Фото: Алматы облысы ТЖД

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көрсетілген координаттар бойынша дереу шықты. 

— Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында құтқарылған балықшылар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Балқаш көлінде төрт балықшыны ағыс алып кеткені хабарланды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында жағаға жете алмай қалған 4 балықшы құтқарылғаны мәлім болды.

Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар министрлігі балықшыларға ескерту жасағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар