Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 5 адам құтқарылды

АСТАНА. KAZINFORM – ТЖМ мамандары Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 5 адам құтқарылғанын хабарлады.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Дерекке қарағанда, Қарағанды облысы Қарағайлы ауылынан 10 шақырым жерде қар құрсауында қалған бес азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болған.

- ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел келіп, адамдарды Қарағайлы ауылына аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек керек болмады, деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.

Айта кетейік, Қарағанды-Астана тас жолында 1 500-ге жуық көлік кептеліп қалғанын жазғанбыз.