Қарағанды облысында қоқыс полигоны өртенді

өрт
Фото: видеодан алынған кадр

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM —  ТЖМ қызметкерлері Қарағанды облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында тұтанған өртті сөндірді. 

Өрт Бұқар жырау ауданының Дөскей аулынан 4 км қашықтықта тіркелді.

Жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыды.  

Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. 

Сағат 12:06 кезінде 1 мың шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram