Қарағанды облысында көмір сататын орындар анықталды
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Соның аясында тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету үшін көмір қоры жасақталып, оны сататын арнайы орындар белгіленді.
Қарағанды облысының өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда өңір тұрғындарына көмір 47 сату нүктесі арқылы ұсынылады. Оның 37-сі – теміржол тұйығы, 10-ы – қойма.
– Жалпы облыс тұрғындарына көмір 47 сату нүктесі арқылы өткізіледі. Оның ішінде 37 теміржол тұйығы және 10 қойма бар. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша осы сату орындарындағы көмір қоры 40,9 мың тоннаны құрайды, – деп хабарлады Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
Көмір сататын нүктелердің басым бөлігі Қарағанды қаласы мен Шет ауданында орналасқан. Облыс орталығында 18 сату нүктесі болса, Шет ауданында 13 нүкте жұмыс істейді.
Балқаш қаласында көмір сататын үш нүкте белгіленген. Теміртау қаласында, Абай, Нұра және Осакаров аудандарында, сондай-ақ Шахтинск қаласында екі-екіден сату нүктесі бар.
Қарқаралы ауданында бес, Ақтоғай ауданында алты сату нүктесі жұмыс істейді.
Қарағанды қаласында көмір сату мәселелері бойынша жедел желі іске қосылған. Тұрғындар 8 (7212) 42-15-05 нөмірі арқылы қажетті ақпарат ала алады. Сонымен қатар облыстың аудандары мен қалаларында да жедел желі телефондары белгіленген.
Көмір сататын орындардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Астанада тұрғындар үшін 14 көмір сату орны және 10 қойма жұмыс істейтіні хабарланған болатын.