Қарағандыда құны 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысы Нұра ауданының прокуратурасы сомасы 4,78 миллиард теңге құрайтын 2 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруға септігін тигізді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі. 

Қарағанды облысында құны 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бақылаушы орган өкілдері Нұра ауданында пайдаланылмаған 2 391 гектар ауылшаруашылық жер учаскесін анықтап, мемлекет меншігіне қайтарды. 

Аудан әкімінің өкімі мен аудандық Жер қатынастары бөлімімен жасалған келісім негізінде жер 20 жыл мерзімге шаруа қожалығына жалға берілген. Алайда, 2012 жылдан бері бұл жер өз мақсатына сай пайдаланылмай келгені мәлім болды. 

– Прокуратура жүргізген талдау барысында пайдаланылмай жатқан жердің кадастрлық құны 4,78 млрд теңгені құрайтыны анықталды. Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижелері бойынша жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды және жосықты жер пайдаланушыларға беріледі, - деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасында. 

Еске сала кетейік, Алматыда «Атакент» аумағындағы жер телімі мемлекет қажетіне алынатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар