Қарағанды облысында тұрғындарға су тасқынынан бүлінген мүлік пен өлген малға өтемақы толық берілді

Түркістан облысында 934 жұмысшыға өтемақыны төленбеген – прокуратура
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды облысында тұрғындарға су тасқынынан бүлінген мүлік пен өлген малға өтемақы толық берілді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов айтты.

«Облысымыздың 4 ауылында 60 үй су тасқынынан зардап шеккен болатын. Сондай-ақ 89 бас ауыл шаруашылығы жануары шығын болды. Ветеринариялық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, шығын болған барлық мал бас мал қорымының аумағында өртеу арқылы жойылды. Су тасқынынан зардап шеккен 60 отбасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем төленді. Сонымен қатар зақымданған жеке мүліктердің өтемақысы толығымен өтелді және шығын болған малдың орны толтырылды», - деді әкім орынбасары Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Оның атап өтуінше, аккредиттелген ұйым су басқан нысандарға бағалау және техникалық тексеру жүргізді. 

«Қазірдің өзінде барлық тұрғын үй мен мүлік нысандарына қорытынды берілді. 3 ауылдағы 6 үй апатты деп танылған болатын. 5 отбасыға сол ауылдардан тұрғын үй сатып алды. Бір отбасы қазіргі таңда қоныстанды. Сондай-ақ 1 үй салынады. Құрылысқа жер учаскесін таңдау актісі жүргізілді. Үйдің құрылысы келесі аптадан басталады. Қалған 54 үй жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстар үшін өтемақы төленді. Тұрғындар жөндеуді өздері жасауға ниет білдіріп отыр. Жеке мүлік үшін де, үйді жөндеу және салу үшін де өтемақы бойынша төлемдердің барлығы сомасы тұрғындармен келісілгенін атап өткен жөн. Су тасқыны салдарын жою жұмысы жалғасуда әрі тұрақты бақылауда», - деді Бауыржан Асанов.

Соңғы жаңалықтар