Қарағанды облысында ветеринарлар жаңа отандық вакцинаны сынап көреді

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Қазақстандық ғалымдар африкалық сапқа қарсы алғашқы вакцинаны ойлап тапты. Оны Қарағанды облысының мал дәрігерлері бірінші болып сынап көреді. Халық арасында бұл инфекция эпизоотиялық лимфангит деген атаумен танымал. Бұл дертке негізінен жылқылар шалдығады, деп хабарлайды Кazinform тілшісі.

Павлодар
Фото: әлеуметтік желілерден алынды

Эпизоотиялық лимфангит Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарындағы жылқыларға жұққан. Үміткер және Ынтымақ ауылдық округтерінде карантин жарияланды.

Бұған дейін облыстың ветеринарлық қызметінде Үміткер ауылында эпизоотиялық лимфангит тарауына байланысты карантин өткен жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін қолданылып келе жатқаны хабарланған болатын. Осы уақыт аралығында 185 жануар жойылды.

Жуырда бұл инфекция көршілес ауылдарға – Төрткөл мен Үлгіге тарады. Бұл елді мекендерде 20-дан астам жылқы дертке шалдыққан. Жылқы иелері жануарлардың аяқтарында іріңді жараларды байқаған. Содан кейін, фермерлердің айтуынша, жаралар жылқының бүкіл денесіне тарап кетеді екен.

Бұған дейін Қазақстанда африкалық сапқа (сап - Burkholderia mallei бактериясы тудыратын ауыр инфекциялық ауру)  қарсы вакцина болмаған. Алайда, отандық ғалымдар инфекцияны жеңетін дәрі ойлап тапты.

"Вакцинаны біздің ғалымдар жасаған. Бүгінгі таңда ол Отар биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында зертханалық сынақтардан өтті. Бұл вакцинаны іс жүзінде сынап көруге дайынбыз. Біз карантиндік аумақта жұмыс істейміз. Ауа райы мүмкіндік берсе, жануарларды вакцинациялауға кірісеміз", - дейді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау комитетінің Қарағанды облыстық инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Соңғы жаңалықтар