Қарағанды облысында жеңіл көлік пен автобус түйісіп, екі жолаушы көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform полицияға сілтеме жасап. 

жол апаты
Фото: Polisia.kz

15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тасжолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусы соғысқан. 

апат
Фото: Polisia.kz

— Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекссің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр, - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол ережесін қатаң сақтауды сұрайды.