Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

6 қараша күні Алматы-Екатеринбург тас жолында Volkswagen жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды polisia.kz.

пәкістан жол апаты
Фото: Kazіnform.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.