Қарағанды облысында жол ашық — ҚазАвтоЖол
АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды облысында жабылған жол учаскесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
— 2024 жылғы 1 желтоқсанда сағат 23:00-де Қарағанды облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: — «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1505-1610 шақырымы аралығында (Новостройка ауылынан — Ақсу-Аюлы ауылына дейін), — делінген компания хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыста жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылатыны хабарланды. Әзірге екі облыста көлік қозғалысы ашылмады.