Қарағанды облысында жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Қарағанды облысында көлік қозғалысы ашылғанын хабарлады.

автожол
Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

Бүгін, 13 қазан сағат 07:30-да келесі республикалық маңызы бар жолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:

- «Қарағанды–Аягөз–Боғаз» 64–217 шақырым (Ботақара ауылы – Қарқаралы қаласы)

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, 2025 жылғы 12 қазан сағат 21:00-де ауа райының күрт бұзылуына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автожолының 64-217 шақырым аралығында (Ботақара-Қарқаралы) көлік құралының барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қазір көптеген жүргізуші әлі күнге дейін жазғы шинамен жүр. Бұл да көлік қозғалысы шектелуінің бір себебі. 

Соңғы жаңалықтар