Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағанды облысындағы өрт: елді мекендерге қауіп жоқ

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылы маңындағы өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қарқаралыдағы өрт
Фото: Орман шаруашылығы комитеті

— 08:00-дегі жағдай бойынша барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, жағдайға тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді.

— Аталған жағдай Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында мың гектар аумақты өрт шарпығанын жазған едік.