Қарағанды облысының мектептерінде оқушылар тыйым салынған сайттарға кірген

прокуратура
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қарағанды облысының прокурорлары мектептерде келеңсіз интернет сайттарға еркін кіруге тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қарағанды облысының прокуратурасы тексеру барысында білім алушылардың деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтады.

Оқушылар барлық сайттарға қол жеткізе отырып, әртүрлі сипаттағы ақпарат ала алады.

Мысалы, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған.

Балқаш қаласында балалар «ЧВК Редан» мүшесі болу үшін тестіден өткен, бұл ұйым агрессивті жастар тобы болып табылады және қоғамдық қауіп төндіреді.

Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды, білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар