Қарағанды, Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM — Күн райының күрт бұзылуына байланысты сағат 23:00-ден бастап Қарағанды, Павлодар облыстарының бірнеше бөлігінде жол қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті.
Қарағанды облысы:
«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автожолының 17-217 шақырым аралығы, Қарағанды қаласы — Қарқаралы қаласына дейін, «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасы -Ботақара ауылы. Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.
Павлодар облысы:
«Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Керней — Ботақара» автожолының 137-231 шақырым аралығы, Павлодар облысының шекарасы -Баянауыл ауылы. Жолды 2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 08:00–де ашу жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін күн райының күрт бұзылуына байланысты, сағат 20:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын жазған едік.
Сондай-ақ «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы үшін жол жабылды.