Қарағанды прокурорларының араласуымен кәсіпорынның газ қазандықтарына газ берілді
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Ұзақ уақыт бойы инвестор кәсіпорынның цехтарын газбен қамтамасыз етуге рұқсат ала алмаған және бұл жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарға кедергілер келтірген. Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Қарағанды облысының прокуратурасы маңызды инвестициялық жобаларды қолдау жұмыстарын жалғастырып келеді.
Қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі, негізгі міндет — проблемаларды тиімді шешу, инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру. Осы мақсаттарда, сондай-ақ құқықтық көмек көрсету үшін облыс прокуратурасының сайтында барлық мүдделі органдар мен ұйымдар қатысатын Фронт — офис жұмыс істейді.
Бірлескен жұмыс аясында мыңнан астам жұмыс орнын құрумен тұрмыстық техника шығару бойынша құны 25 миллиард теңгені құрайтын жобаны жүзеге асырып жатқан «Silk Road Electronics» ЖШС инвесторының проблемасы анықталған. Ұзақ уақыт бойы инвестор кәсіпорынның цехтарын газбен қамтамасыз етуге рұқсат ала алмаған және бұл жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарға кедергілер келтірген.
Фронт-офис қызметі аясында инвестор мен уәкілетті органдардың қатысуымен кеңес өткізіліп, мәселе шешіліп, кәсіпорынның газ қазандықтарына газ беру ұйымдастырылды.
Жұмыс жалғасынт тауып келеді әрі прокуратура басшылығының ерекше бақылауына алынған.
Проблемалық мәселелерді анықтау үшін Фронт-офис отырыстары тұрақты түрде өткізіледі, 24/7 режимінде Call-орталық және бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ (қажет болған жағдайда объектілерге, құқық бұзушылық жасалған орынға шығу) жұмыс істейді.