Қарағандыда 2 адамның өліміне себепкер болған автобус жүргізушісі 9 жылға сотталды

Қарағандыда сот 2 адамның өліміне себепкер болған қалалық автобус жүргізушісін бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол 7 жыл көлік руліне отыра алмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

сот
Фото: Мұхтар Холдорбеков ҚазАқпарат

Қазыбек би аудандық сотында абайсызда 2 адамның өліміне, 5 адамның денсаулығына аса ауыр, 12 адамның денсаулығына орташа ауыр және 8 адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруге алып келген жол қозғалысы ережесінің бұзылу фактісіне орай автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық істі қарады.

2022 жылдың 25 қарашасында Қарағанды қаласының ДСК ауданындағы көпірде №146 және №41 бағытта қатынайтын екі қоғамдық көлік соқтығысып қалды. Автобустардың бірінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар оқиға кезінде студент қыз мерт болды. 5 адамның денсаулығына аса ауыр, 12 адамның денсаулығына орташа ауыр және 8 адамның денсаулығына жеңіл зиян келді.

Отырыс барысында сот дәлелдемелер мен жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер мен куәгерлердің дәйектемелерін ескерді. Жоғарыда айтылғанның негізінде сот №146 автобустың жүргізушісі ҚК 345-бабы 4-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.

Прокур оған 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырып, 7 жылға қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 7 жыл жазасын өтеуді тағайындауды сұрады. Зардап шегуші тарап жоғары жаза беруді өтінді. Қорғаушы тарап жүргізушіні ақтау қажеттігін алға тартты.

«Іс бойынша жеңілдететін мән-жай анықталған жоқ. О. тарапынан шығынды өтеу іс-шаралары қабылданған жоқ. Прокурор бекіткен жаңа айыптау актісіне сәйкес, істі жеңілдететін мән-жай анықталмады. Айтылғандарды ескере отырып, сот азамат О-ны 7 мерзімге көлік құралын басқару құқығын айыра отырып, 9 жылға бас бостандығын айыруды белгіледі. Сот зардап шегушілердің азаматтық талап-арыздарын қарады, оны бір бөлігі қанағаттандырылды, бір бөлігі азаматты сот өндірісі тәртібімен сотқа қарауға берілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Айзада Ағылбекова

Соңғы жаңалықтар