Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі тәркіленді

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қарағанды облысының прокуратурасы
Фото: Қарағанды облысының прокуратурасы

«Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабаралыд прокуратурадан.

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте «Пайызсыз баспана» қаржылық пирамидасын ұйымдастырғандар 6 жылға сотталғанын жазған болатынбыз. 

Астанада заңсыз салынып жатқан 37 көпқабатты тұрғын үй анықталды.