Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда 80 үй төмендетілген жылу беру режиміне ауыстырылды

Қарағандыда құбырдағы ақау салдарынан жылумен жабдықтаудың төмендетілген режиміне 80 үй мен 53 нысан ауыстырылды, деп хабарлайды Кazinform.

жылу
Фото: Kazinform

«Жауынгер-Интернационалистер көшесі бойынша диаметрі 500 мм жылу берілетін құбыржолдағы ақауды жою үшін Жауынгер-Интернационалистер, Ержанов, Ботаническая, Ермеков көшелері мен Бұқар жырау даңғылының тұтынушылары жылумен жабдықтаудың төмендетілген режиміне ауыстырылады. Ақауды қалпына келтіру жұмыстары бүгін кешке дейін аяқталады», - деп хабарлады «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС. 

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін температура мен гидравликалық режим қалыпқа келтіріледі.