Қарағандыда құтқарушылар батпаққа батқан екі жасөспірімді аман алып шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында батпақты жерде қалып қойған екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Қарағандыда батпақта қалған екі жасөспірімді құтқарушылар аман алып шықты
Фото: Видеодан скрин

Оқиға гараж массивінің артындағы аумақта болған. 2

010 және 2013 жылы туған екі қыз жолды қысқартпақ болып, батпақты жерге кіріп кеткен. Соның салдарынан олар өздігінен шыға алмай қалған. 

— Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағы жедел жетіп, қыздарды батпақтан аман-есен алып шықты. Кейін құтқарушылар оларды үйлеріне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған, — делінген хабарламада.

Бұған дейін БҚО-да 9 жастағы бала екі інісін өрттен құтқарғанын жазған едік.