Қарағандыда бұрынғы полицейдің мәйіті табылды

Полиция
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Полиция қызметкерлері бұрынғы әріптесін үйінің ауласынан тапқан. Ол өзін атып өлтіргені анықталды. 48 жастағы тәртіп сақшысы зейнеткер болған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Марқұм Самат Құсайынов ондаған жылдар ішкі істер органдарында қызмет еткен. Оның бес баласы болған.

"10 маусымда Қарағандыда өз үйінің ауласынан 48 жастағы ер адамның мәйіті табылды, ол өзінің тіркелген мылтығымен өз-өзін атып өлтірген. Бұл факт полицияда тіркелген. Тергеу жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Марқұмның таныстары айтқандай, ол сол күні таңертең екі баласын лагерь мен балабақшаға апарып тастаған. Содан кейін ол үйіне оралып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Соңғы жаңалықтар
telegram