Қарағандыда екі полиция куәгерді азаптап, кінәні мойнына алғызбақ болғаны үшін сотталды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерді азаптауына қатысты қылмыстық істі тергеді. Бұл туралы Ба прокуратураның басө

Қарағандыда екі полиция куәгерді азаптап, кінәні мойнына алғызбақ болғаны үшін сотталды
Фото: polisia.kz

Азаматтың басқа тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақатын салған. 

— Қарағанды облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танып, жазаларын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеумен 3 жылға бас бостандықтарынан айырды, - делінген хабарлада.

Сотталғандар «полиция капитаны» арнайы атақтарынан айырылды. Оларға жәбірленушлердің өтемақы қорына айыппұл төлеу жазасы да тағайындалды. 

Қарағанды облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Олжас Бектенов полиция кез келген, тіпті кішігірім құқық бұзушылықтарға бірден ден қоюы тиіс  дегенін жазған болатынбыз.