Қарағандыда көлік жүргізіп келе жатқан ер адам инсульт алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қарағандыда полицейлер инсульт алып есінен танған жүргізушіні құтқарды. Оқиға Майқұдықта болды.

8 наурыз күні Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция полкінің инспекторлары Мұқажан Ақжаркен мен Берік Кеңесов жүргізушіні құтқарып қалды. Полицейлер қала аудандарының бірінде кезекшілік атқарып жүргенде сағат 15:00-ге қарай оларға көлік келіп, жүргізушісі 19-шы шағын аудан көшелерінің қиылысында төтенше жағдай орын алғанын хабарлады. Полицейлер оқиға орнына бірнеше минутта жетті.
«Қиылыста жол жиегіне шығып кеткен көлікті көрдік. Көлік оның үстіне ілініп, бір дөңгелегі айналып тұрған. Көліктің есігі құлыптаулы еді. Мен алдыңғы жолаушы жағындағы терезе әйнегін сындырып, салонға түстім. Іштегі ер адамды сыртқа алып шықтық. Одан инсульт белгілері анық болды - жүргізушіде құрысулар болып, ал тілі тыныс алу жолдарын бітеп тастады. Біз мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін біліп, ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Ол біздің көз алдымызда есін жия бастағанда, жеңіл дем алдық. Осыдан кейін ер адам медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр болған. Полицейлер бірнеше минут кешіксе, үлгере алмас еді. Қазір дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр», - дейді Мұқажан Ақжаркен.
Жүргізуші инсульт алғаны белгілі болды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр болған. Қазіргі таңда дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.