20:26, 01 Шілде 2024 | GMT +5
Қарағандыда мейрамхананың шатыры отқа оранды
АСТАНА. KAZINFORM - Қарағанды қаласында мейрамхананың шатырын жалын шалды.

Қарағандылық құтқарушылар мейрамханадағы өртті сөндірді.
«Бүгін қаланың мейрамханаларының бірінде 180 шаршы метр алаңда шатыр жалынға оранды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай жойылды, зардап шеккендер жоқ.
Төтенше оқиғаның алдын-ала себебі анықталуда», — деп жазды ТЖД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда жұмысшыны ток соғып, мерт болғанын жазғанбыз.