Қарағандыда тасқыннан жапа шеккендерге 369 мың теңгеден біржолғы көмек берілді
АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды облысы аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов айтып берді.
Оның айтуынша, жергілікті жердегі басқару органдары халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жұмыстарына кірісті.
«Қазіргі уақытта келген залалды есептеу жөніндегі комиссия өз жұмысын аяқтады. Аккредиттелген ұйым толығымен үйлерді техникалық тексерудің, бүлінген мүліктің құнын толық есебін ұсынды. Жақын арада ұсынылған есепке байланысты тұрғындарға төлемдер төленетін болады. Бұдан басқа, зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Сатып алу немесе үй салу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді Б. Асанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен бірге, зардап шеккен елді мекендердегі халыққа азық-түлік, киім-кешек, техникалық жабдықтар, тұрмыстық техника ретінде гуманитарлық көмек көрсетілген.
Жалпы халықтың тыныс-тіршілігін тезірек қалыпқа келтіру бойынша бүкіл қажетті шаралар қабылдануда.