Қарағандыда жанармай ұрлаған машинистер сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Қарағанды аудандық соты Қарағанды пайдалану локомотив депосының тепловоздарынан дизель жанар-жағармайын ұрлап, кейін оны қайта сатумен айналысқан 11 адамға қатысты үкім шығарды.

«ХАС» қаржы пирамидасының негізін қалаушылар алаяқтық үшін сотталды
Фото: Павлодар облысы прокуратурасы

Бас прокуратура мәліметінше, сотта мемлекеттік айыптаушы 2024 жылдың мамыр айынан маусым айы аралығында қылмыскерлер алдын ала сөз байласу арқылы, қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, заңсыз әрекет жасағандарын дәлелдеді. Олар жол жүру барысында 22,5 тоннадан астам дизель отынын ұрлап, 7 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Сот оларды кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Қазақстанда тағам, жанармай, лифтіге қатысты техникалық регламент қайта қаралады.

Соңғы жаңалықтар