Қарағандыда жер үйде жарылыс болып, үйінді астынан екі адам шығарылды

жарылыс
Фото: ТЖМ

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM - Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды.

Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. 

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты. 

жарылыс
Фото: ТЖМ

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді. 

24 адам және 6 техника жұмылдырылды.


 

Соңғы жаңалықтар