Қарағандыдағы сауда үйінен 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Ғимарат ішіндегі бөлмелердің бірінен ер адамның мәйіті табылған. Алдын ала болжам бойынша, оны алғаш болып күзетші байқаған.

полиция
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қарағанды облысының полиция департаменті оқиғаның 16 қарашада болғанын мәлімдеді.

— Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 40 жаста болған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жанар-жағармай желісінің директоры Айболат Жисовты өлтірді деген күдікпен қала тұрғыны ұсталғанын хабарлағанбыз. Қазір тергеу жалғасып жатыр.