Қарағандыдағы жосықсыз құрылыс компанияларының тізімі жаңартылды
АСТАНА. KAZINFORM – Қарағандыда жеті компания жосықсыз құрылыс жүргізушілер тізіміне енді. Олар құрылысты рұқсатсыз бастаған, деп хабарлайды Қарағанды облыстық әкімдігі.

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті құрылыс жұмыстарын рұқсатсыз бастаған компаниялардың жаңа тізімін ұсынды. Қарағандыда осындай жеті құрылыс компаниясы бар.
Тізімге енген компаниялар:
• «Т-К Building» ЖШС («Al-Farabi» ТК);
• «ТТ INVEST-2022» ЖШС («Хан» ТК);
• «Satti Lux Stroy» ЖШС («Нұра» ТК);
• «Elite Home Invest» ЖШС («Life Garden» ТК);
• «ККК Бетон» ЖШС («Бақытты Отбасы» ТК);
• ЖК «Григорян» (МЖД по адресу: пер. Ремесленный, 2 тұйық көшесі мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй);
• «Лидер Строй» ЖШС («Арена» ТК).
Ведомство қарағандылықтарға салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен пәтер алмас бұрын құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады.