Қарағандылық әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен

Қарағандылық әйел аязда сәбиін көшеге тастап кеткен
Фото: @POLICE_of_KZ

ҚАРАҒАНДЫ.  KAZINFORM -  Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабарлама түскен. 

сәби
Фото: @POLICE_of_KZ

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар
telegram