Қарағандылық студенттер әлем чемпионы атағына таласады

Қарағандылық студенттер әлем чемпионы атағына таласады
Фото: ЖҚ «Enactus Kazakhstan»

17-20 қазан аралығында Утрехт (Нидерланд) қаласында 33 елдің қатысуымен  өтетін ENACTUS WORLD CUP 2023 әлем кубогында Қазақстанның намысын Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері қорғайды, деп хабарлайды Kazinform. 

ENACTUS WORLD CUP – әлемнің 33 елінен қатысатын студенттердің, кәсіпкерлердің, академиялық және бизнес көшбасшыларының халықаралық платформасы Enactus-тың кәсіпкерлік қызмет арқылы әлеуметтік прогреске қалай ықпал ететінін көрсету үшін біріктіретін іс-шара. Студенттердің жобасы БҰҰ тұрақты дамуының 17 мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Презентацияларды Халықаралық бизнес көшбасшыларының тобы бағалайды. 

Қарағанды
Фото: ЖҚ «Enactus Kazakhstan»

Қазақстандық студенттер пластикті қайта өңдеудің инновациялық әдісін тауып және пайдаланылған паллеттерден ыңғайлы жиһаз жасап, әлеуметтік бизнес құрды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар өндірістік циклдің басты қатысушылары болған. Кәсіпкерлік көшбасшылықты таңыта отырып, студенттер тұрақты өмірге жол салды.

«ENACTUS World Cup 2023 Студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы – Қазақстанның дарынды жастары мен әлеуметтік жауапты бизнес үшін бірегей мүмкіндік», - деді философия ғылымдарының докторы, ENACTUS Kazakhstan президенті Альбина Меирбекқызы.

ENACTUS (бұрынғы SIFE) – әлемнің 33 елінен 1800 университет қатысатын бизнес, инновация және практикалық дағдыларды оқытудың халықаралық бағдарламасы. Жыл сайын Қазақстанның 19 өңірінен 2 500-нан астам студент пен оқушы 100-ден астам жобаны іске қосу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1 000 жұмыс орнын құрады. 

Қарағанды
Фото: ЖҚ «Enactus Kazakhstan»

 

 

Соңғы жаңалықтар