Қарағанды-Астана жолында адамдардың өлімімен аяқталған апаттың мән-жайы анықталуда
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдары анасы мен баласының өмірін қиған жол апатының мән-жайын анықтауға уәде берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың хабарлауынша, соталды тергеу ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Б. Құдияров кісі өліміне алып келген апаттың алдын ала себебі көлік қозғалысы үйлесімінің бұзылуы екенін атап өтті.
«Алдын ала дерек бойынша, «Лада Калина» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған», - деп атап өтті ол. Онымен бір мезгілде, «Лада Калинаның» жүргізушісі жол апатына маркасы анықталмаған қара түсті көліктің кінәлі екендігін айтуда.
Еске салсақ, жол-көлік оқиғасы Қарағанды бағытына қарай Осакаровка кентінен 20 шақырым жерде Қарағанды-Астана тасжолында болды. Көлік металл қоршауға соғылып, салдарынан әйел және оның 28 жастағы ұлы мерт болды.