Қарағанды аудандық сотында «Бесоба» ТК-де үйдің опырылып құлауынан зардап шеккендердің арыздары қаралуда
ҚАРАҒАНДЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгінде Қарағанды аудандық сотына «Бесоба» ТК-де опырылып құлаған үйдің салдарынан зардап шеккендерден алты арыз келіп түсті, оның біреуі бойынша шешім шығарылды.
Бұл туралы бүгін брифингте Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ермек Серекбаев айтты.
«Бесоба» ТК-де көпқабатты үйдің опырылып құлаған кезінен бастап Қарағандының №2 аудандық сотына арыздар түсе бастады. Бүгінде оның саны 6-ға жетті. Олардың 3-уі өндіріске алынды. Бір шағым бойынша соттық араласу ісіне дайындық жөнінде түсініктеме шығарылды. Тағы да бір арыз бойынша шешім қабылданып, біреуі кемшіліктерді жою үшін қозғалыссыз қалды», - деді Е. Серекбаев.
Оның сөзіне қарағанда, арызданушылардың басым бөлігі қайта табыстау билік өкілдеріне көшетініне, цессияның кесімімен келіспейді. Басқа да арыздарға қарағанда, кейбір азаматтар бірнеше пәтерден айырылған, дегенмен билік өкілдері қайтарым ретінде тек бір пәтер ұсынуда. «Арызданушылар өздерінің қанша пәтері болса, сонша қайтаруды талап етуде», - деді облыстық соттың төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуір күні Қарағандының «Бесоба» шағынауданында үлескерлердің қаражатына үш жыл бұрын салынған бес қабатты тұрғын үйдің 4 кіреберісі бар блогы опырылып құлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Аталмыш тұрғын үйде 1 сәуір күні салмақ түсетін негізгі құрылыс конструкциялары бұзылған болатын.
Апатты үйден 138 адам көшірілген еді. Қарағанды әкімдігінің 3 сәуірдегі өкімімен алдын ала шаралар кешенін орындау үшін үйге ТЖ режімі енгізілді.
Қарағандыда «Бесоба» шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігінің опырылып құлау фактісі бойынша мамандандырылған прокурор ҚР ҚК-нің 307 бабы (Қызметтік өкілеттігіне қиянат ету) бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін үйлерді салған құрылыс ұйымдарына қатысты ҚР ҚК-нің 245 бабының 2 бөлімімен («Ауыр зардаптарға соқтырған сапасыз құрылыс») қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала бағалау бойынша, опырылып құлаған үйдің тұрғындарына келтірілген шығын 545,3 млн. теңгені, соның ішінде жойылған пәтерлердің бағасы - 328,8 миллион теңгені құрайды. Қаланың билік өкілдері зардап шеккен адамдардарға әртүрлі мәнді үй ұсынуға уәде беруде.
Қазіргі уақытта Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасарлары Виктор Иванов пен Сергей Грибенщиков, облыстық мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшысы Александр Воробьев ұсталды.
Үйдің құрылысымен айналысқан «Сервиспромснаб» ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты қаржы полициясы үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу үстінде. Алданған үлескерлердің ақшасын жымқырып, бой тасалап жүрген компания басшысына іздеу салынды.