15:52, 13 Наурыз 2017 | GMT +5
Қарағанды ауданы әкімі орынбасарының зайыбы белгісіз жағдайда көз жұмды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы Октябрь ауданының әкімі орынбасарының зайыбы газ плитаға басы соғылып, белгісіз жағдайда қаза тапты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алдын ала деректер бойынша, 33 жастағы әйел өзін жайсыз сезініп, ас үйдегі газ плитасының бұрышына басын соға құлаған.
«Аталмыш факті жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Әйелдің қаза болу себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Гүлжан Сүлейменова.
Ол Қарағанды облысы Октябрь ауданының ТКШ мәселесі бойынша орынбасарының әйелі екені белгілі. Алайда Г. Сүлейменова мұндай деректері жоқ екенін түсіндірді.
Әрі, аудан әкімдігінің қабылдау бөлмесіндегілер Әскербек Халтоновтың әйелі қайтыс болғанын растады.