«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысы биыл басталады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысы биыл тамызда басталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысы биыл басталады

«Жобалық сметалық құжаттама дайын. Үш мердігер анықталды. Ұзындығы шамамен 367 км болатын жол учаскесі 2020 жылдың күзіне дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр», - деді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз хатшысы Бауыржан Серікбаев.

Оның айтуынша, жол салуға қаражат Қытай экспорт-импорт банкінен алынбақ.

Ұлттық компания өкілдері осы жол пайдалануға берілсе Орталық-оңтүстік арасындағы жол байланысының мәселесі шешілетініне үмітті.

«Қарағанды-Балқаш» жолы республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тас жолының бір бөлігі.

Бұл жол Қостанай, Астана, Қарағанды  қалалары арқылы өтеді.