Қарағанды гарнизондарында әскерге шақырылғандар алғаш рет дауыс берді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Президент сайлауында алғашқылардың бірі болып Ұлттық ұлан әскери қызметшілері дауыс берді. Олардың арасында сайлауға алғаш рет қатысқан әскерге шақырылушылар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қарағанды облысында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы 6505, 5451 және 5516 әскери бөлімдерінің жеке құрамының өкілдері сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасап, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс берді.

Таңертеңнен әскерилер дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне барды. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да дауыс беруі үшін 13 дауыс беру учаскесін қамтамасыз етті.

1 взвод 2 бөлімшесінің 2 атқыш сарбазы Айдын Әлібек алғаш рет сайлауға қатысты.

«Алғаш рет дауыс бердім. Қазір мен Отан алдындағы борышымды өтеп жатырмын. Сондықтан осы Отанымды басқаратын көшбасшыны таңдау біздер үшін маңызды», - дейді солдат.

Қарағанды облысының гарнизондарында дауыс бергендердің 40% - дан астамы алғаш рет сайлауға қатысты.


Соңғы жаңалықтар