Қарағанды қаласына 3 мектеп салынады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 3 жаңа мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарағанды қаласының үш, атап айтсақ Бауыржан Момышұлы, 30-шы және Октябрь аудандарында мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Өзге мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жазда жүргізіледі», - деді агенттікке Қарағанды қаласы білім бөлімінің жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Наталья Головина.
Сондай-ақ, ол биылғы жылы Бауыржан Момышұлы шағын ауданындағы жалпы білім беру мекемесінің құрылысы аяқталатынын айтты. Бұл №103 мектеп-лицей болады. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
Наталья Головинаның айтуынша, 30-шы шағын ауданында салынатын мектеп 1200 оқушыға арналған. Ал Октябрь ауданындағы жаңа білім ордасының құрылысы 2019 жылы аяқталады.
Айта кетейік, Қарағандыдағы мектептер құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізілуде.