«Қарағанды-Қарқаралы» күре жолында жол апатынан 1 адам мерт болып, 4-уі зардап шекті
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасында бір адам мерт болып, тағы 4-еуі түрлі жарақаттар алды,
деп хабарлады бүгін, ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен.
Өткен жексенбі, қаңтардың 24-і күні кешқұрым Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде «Қарағанды-Қарқаралы» автожолының 60-шы шақырымында «Мазда» және «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып, оның салдарынан жеңіл машинаның жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал оның 46,52 және 17,19 жастағы төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді.