Қарағанды маңында заңсыз қоқыс төгушілер ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының маңында заңсыз қоқыс төгушілер ұсталды. Бұл дерек Экология министрлігінің жуырда іске қосылған жедел желісі арқылы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды маңында заңсыз қоқыс төгушілер ұсталды

Жол бойына қоқыс төгіп жатқан жүк көлігін, сол маңнан өтіп бара жатқан өзге жүргізушілер бейнетаспаға түсіріп алған. Кейін көліктің мемлекеттік нөмірі жазылған видеоны «жедел желіге» жолдаған. Ізінше сол күні заңбұзушы анықталып, оған айыппұл салынды.

Қарағанды қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБК 505 (Қалалы және ауылды жердерде абаттандыру ережесін сақтамау, инфроқұрылым нысандарына залал келтіру, жасыл өсімдіктерді жою және зақым келтіру) бабы бойынша хаттама толтырды.

Сондай-ақ, заңсыз қоқыс төгілген орынға экология департаменті мен тұрғын үй шаруашылығы мамандары барып, қоқыстарды толығымен тазартты.

Естеріңізге сала кетейік, жедел желі телефоны бір апта бұрын іске қосылған болатын. Енді Экология министрірлігі бір ай бойы еліміздегі барлық заңсыз қоқыс төгу орындарына мониторинг жүргізбек. Жедел желінің нөмірі +7 775 952 49 00.