Қарағанды-Мәскеу рейсі бір тәулікке кешікті

ҚАРАҒАНДЫ.ҚазАқпарат - Қарағандыда «Сарыарқа» әуежайынан Қарағанды-Мәскеу рейсі бойынша ұшақ бір тәулік бойы  бөгелді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды-Мәскеу рейсі бір тәулікке кешікті

«Сарыарқа»  әуежайының өндірістік-диспетчерлік пунктінде «Аэрофлот» компаниясының ұшағы 14 ақпанда сағат таңертеңгі 6.05-те ұшуы тиіс болған. Алайда қозғалтқышында ақау шығып, бөгелуге тура келді. Жүздеген жолаушы тәулік бойы күту залында отырды.

 «Қозғалтқышынан ақау шыққан. Оны Мәскеуден мамандар келіп  жөндеді. Қазір бортқа жолаушыларды отырғызу аяқталды», - деп  хабарлады «Сарыарқа» әуежайының өндірістік-диспетчерлік пунктінен.

Әуежайда күту залында жолаушыларға барлық жағдай жасалғаны атап өтілді.