Қарағанды мен Балқаш қалалары арасында жол жабық - ККМ
Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Сонымен қатар, ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған - Есіл - Петропавл» автожолының «Сәтбаев ауылы - Қостанай облысының шекарасы» учаскесі де (24-242 км) әлі жабық күйінде қалып отыр.
Автомобиль жолдарындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салған жөн.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.