Қарағанды мен Қызылорда облыстарының тұрғындары арасында аурулардың өсу себептеріне ғылыми зерттеу жүргізілмек

«Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының 2021 жылғы 28 маусымдағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметінің қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына теріс әсерін азайту» тақырыбындағы дөңгелек үстелінің ұсынымдары қаралды. Жалпы бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Қарағанды және Қызылорда облыстарында «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын жерде және зымыран тасығыштардың сынықтары құлаған аудандарда тұратын халықты жыл сайын скринингтік тексеру жүргізіледі. Қазіргі уақытта Қарағанды және Қызылорда облыстарының тұрғындары арасында аурулардың өсу себептері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мәселесі пысықталуда», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, «Байқоңыр» кешенінің зымыран-ғарыш қызметінің әсеріне ұшыраған аумақтардағы қоршаған ортаның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіледі.
«Зымыран-ғарыш қызметінің тіршілік ету ортасының жай-күйіне және халықтың денсаулығына әсерін зерттеу нәтижелері бар ақпараттық материалдар халыққа тұрақты түрде ұсынылады», - деді Премьер-Министр.