Қарағанды мен Павлодар арасында жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолда қозғалысқа шектеу қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды мен Павлодар арасында жол жабылды

Қарағанды өңірінде 11 қараша таңғы сағат 10.30-дан бастап «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар күре жолының 992-1135 шақырым аралығында көлік қозғалысына тыйым салынады.

Бұл - Мұстафин қаласынан Павлодар облысы шекарасына дейінгі учаске.

Оның ішінде көліктің барлық түрінің жүруіне рұқсат жоқ.

Жолдың жабылуына себеп - температураның күрт төмендеуі.