Қарағанды мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 мамыр күні Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Қарағанды мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

Сәрсенбі күні Қарағанды мен Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар ауаның ластануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.