16:09, 01 Сәуір 2021 | GMT +5
Қарағанды облысы: 6 қаладағы ХҚКО 1 сәуірден келушілерді алдын ала жазылу бойынша қабылдайды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында алты қалада орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтары 1 сәуірден бастап келушілерді тек алдын ала кезекті брондаған жағдайда ғана қабылдайды. Бұл өңірде эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты қабылданған шара, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
![None None](/static/img/plug.webp)
Қарағанды облысының Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1 сәуірден бастап Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларындағы ХҚКО қызмет алушыларды тек кезекті алдын ала брондаған жағдайда ғана қабылдайтын болады.
ХҚКО-ға кезекті 1414 call-орталығы, egov.kz Электрондық үкімет порталы, еGovmobile қосымшасы немесе EgovKzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты арқылы брондауға болады.