Қарағанды облысы алғаш рет күздік бидайды шетелге экспорттады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Осакаров ауданында алғаш рет күздік бидай жиналды. Аймақтың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі – «Найдоровское» ЖШС алғашқылардың бірі болды. Сонымен қатар, кәсіпорын салыстырмалы түрде жаңа тритикале - қара бидай мен қатты бидай гибридін өсіреді. Биылғы жылдың өнімі экспортқа кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы алғаш рет күздік бидайды шетелге экспорттады

- Біз тритикалені үшінші жыл себеміз. Күздік дақыл өзін жақсы жағынан көрсетті. Биылғы жылы күздік дақылға 750 га жер бөлінді. Жердің бір бөлігін бидайдың екі сұрыпы – «Гром» мен «Бригада» егілді. Бұл ресейлік селекция, - деді «Найдоровское» ЖШС директоры Павел Лущак. - Күздік дақылдарды жинау 20 шілдеде басталды. 2 тамызда алғашқы 700 тонна тритикале Тәжікстанға жөнелтілді. 70 тоннадан 10 вагон түсірілді. Өнімді жергілікті құс фабрикалары да сатып алды.


Жазғы құрғақшылыққа қарамастан, күздік бидай гектарына 25 центнер деңгейінде өнім берді. Кәсіпорын бұл бағытты дамытуды жөн көрді. Шаруашылық басшысының айтуынша, күздік алқаптар 1 350 гектарға дейін ұлғайтылады. Бұл жалпы астық танабының 10% - ға жуығын құрайды.


«Найдоровское» ЖШС заманауи технологияларға баса көңіл бөледі және дәнді дақылдардың жаңа сұрыптарын сынға алып жатыр.

- Бізде жаңа технологияларды енгізудің басқа жолы жоқ. Өйткені, ауа-райы қатал, ал егістік нашар. Сондықтан жақсы тұқымдарсыз, агротехнологияларды сақтамай және тыңайтқыштарды енгізбестен даму мүмкін болмайды, - деді Павел Лущак. - Бізге отандық селекционерлердің көмегі қажет. Қазір біз өзіміздің алқаптарымызда шетелдік селекцияны сынақтан өтікізіп жатырмыз. Бұл үлкен шығындар мен тәуекелдер.