Қарағанды облысы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жаңа қаулыға сай, келесі шектеулердің күшін жою туралы шешім қабылданды:

- медициналық ұйымдарды (қызметкерлер, пациенттер, келушілер) қоспағанда, бетперде кию міндетті болып табылатын үй-жайларда бетперде киюді, сондай-ақ, халық көп жиналатын, қоғамдық орындарда және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық маскаларды пайдаланудың ұсынымдық сипаты сақталады.

Бұдан басқа, «Комирнати» (Pfizer компаниясы өндірген) вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтілді, ол мынадай санаттармен толықтырылады:

- бастапқы вакцинацияны алатын, осы вакцинамен профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар;

- әртүрлі себептер бойынша шетелге шығу үшін қайта вакцинация алатын адамдар;

- шетелде басталған вакцинация курсын аяқтайтын тұлғалар;

- COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған халықтың барлық топтары.

Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында келесі талаптар:

- кабинеттік оқыту жүйесін сақтау;

- маска режимін міндетті түрде сақтау алынып тасталды.

Бетперде режимін сақтау білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңір «қызыл» аймаққа ауысқан кезде барлық меншік нысанындағы және ведомстволық білім беру ұйымдарында зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, бетперде режимі және оқытудың кабинеттік жүйесін жою қамтамасыз етіледі.

Қаулы қол қойылған кезінен бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар